jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    "Әкесінен аумай қалған": Төреғали қызының туған күнін ерекше атап өтті (фото)

    Төреғали әйелі мен қызымен
    Фото: Instagram/toregalitoreali

    Қазақ эстрадасының жұлдызы Төреғали Төреәлі қызы Тоғжанның бес жасқа толуын ерекше атап өтті. Өнер иесі мен оның жары перзентіне естен кетпес мерекелік шара ұйымдастырған. Толқын Тұрарбекқызы желіде отбасылық жиын кезіндегі суреттер мен видеолармен бөліскен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Төреғали Төреәлі қызының туған күніне орай оған нағыз ертегі ұйымдастырып, ерекше тосын сый жасаған. Ерлі-зайыптылар үйлерін қызғылт түсті шарларларға, тәттілерге, сыйлықтарға толтырып тастаған. Оған қоса, көпбалалы ата-ана Тоғжанның қызығушылығын ескере отырып, баспанасын ханшайым тақырыбында безендірген.

    Жұлдыз әке қызын өлең жолдарымен құттықтап, оған деген өз ақ тілегін айтты

    Тоғжанның анасы да желіде оған жазба арнады.

    "Тоғжаным! Сен бізді қандай бақытқа кенелтіп жүрсің. Сені берген Аллама сансыз шүкір! Әр сөзің, әр ойың, әр ісің бәрі-бәрі нәзіктік пен мейірімге толы. Өзің енді ғана 5 -ке толып жатқаныңды, тіпті енді ойланып жатырмын. Сені біз үлкен адам көреді екенбіз ғой. Алдымен айналасын түгендейтін, өзіне бір зат алса бауырларын да ұмытпайтын бауырмалым. Аналық жүрегім, сен үшін әрдайым дұғада!
    Алланың сүйікті құлдарынан бол ботам. Сенің кішкентай көңіліңнің көтеріліп, естен кетпес балалық шағынды қуанышқа толтыру үшін ата-әжең, әкең-анаң, әпке-жезде бауырларың барын салады. Туған күніңмен қошақаным! Өзің қалаған ертегі әлеміне қош келдің! Әр шаңырақ баланың күлкісіне тола берсін! Құттықтауларыңызға мың алғыс", - деп жазды Толқын.

    Желі қолданушылары да бұл құттықтауларға қосылып, туған күн иесіне деген жылы лебізін білдірді.

    "Әкесінен аумай қалған": Төреғали қызының туған күнін ерекше атап өтті (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.