jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "Ұлды болды": Төреғалидің бесінші перзенті дүниеге келді (видео)

    Төреғали Төреәлі отбасымен
    Фото: Instagram/toregalitoreali

    Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Төреғали Төреәлінің отбасында қуанышты жағдай. Өнер иесінің жары бесінші перзентін дүниеге әкелді. Ерлі-зайыптылар ұлды болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Қуанышы қойнына сыймаған жұлдызды әке бұл жаңалығымен бірден Instagram парақшасында бөліскен. Төреғали қуанышты хабарын арнайы видеомен жеткізген. Онда ол әр перзентінің дүниеге келген сәтін есіне алып, бейнежазба соңында ұлды болғанын жария етті.

    Көпбалалы әнші қалың көпшіліктен сүйінші сұрады.

    "Кәусар қызымыз дүниеге келгенде Хайнаньда болдық. Тоғжантай дүниеге келген кезде Алматы қаласында болдық. Фатима дүниеге келген кезде Қытайда Фошанда болдық. Төренұр дүниеге келді деп естігенде Оралдан Ақтөбеге гастрольдік сапармен барған болатынбыз. Ал бүгін біз Нұр-Сұлтандамыз, ағайын. Сүйінші, ұлды болдық", - деді өнер иесі.

    Желідегілер жұлдызды әулет мүшелерін құттықтап, дүние есігін енді ғана ашқан сәбиге өз ақ тілектерін жолдады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.