jitsu gif
Шоубиз

    "Өмірімнің бір парағы жабылды": Аша Матайдың жеңгесі әсерлі жазба жариялады

    Айдар Асқарбек пен Жарқынай Ханайым қыздарымен
    Фото: Instagram/sakura_rauza

    Отандық танымал әнші әрі актриса Жарқынай Ханайым желіде аса әсерлі жазба жариялап, елді алаңдатып қойды. Өнер иесі жолдасымен енді бірге емес екендігін жазып, оған қызы үшін рахмет айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Аша Матайдың жеңгесі бұл екі ойлы жазбасымен Instagram парақшасында бөліскен. Ол осымен өмірінің бір парағы жабылғанын жеткізіп, көпшіліктен жолдасы туралы сұрамауын өтінді. Актриса әркім өз таңдауын жасағанын айтып қалды.

    "Біз бірге емеспіз. Енді Айдар қайда деп сұрамаңыздар. Айланам үшін рахмет айтамын. Осымен өмірімнің осы бір парағы жабылды. Барлықтарыңызға бақыт тілеймін. Менде бәрі жақсы болатынына сеніңіздер. Себебі, мен енді жалғыз емеспін, Айланам бар. Әркім өз таңдауын жасады", - деп жазды Жарқынай Ханайым.

    Алайда, кейіннен өнер иесі бұл жазбасын өшіріп тастады. Желі қолданушылары ерлі-зайыптылар үшін асқан алаңдаушылық білдірді. Олар жас ата-ананың ажырасып кеткенін болжады.

    Жарқынай Ханайымның жазбасы
    Скриншот: Instagram/jarkynaixanaiym/qaz.stars

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.