jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Түсіпбаева Роза Рымбаеваға тосын сый жасап, туған күнімен ерекше құттықтады (видео)

    Роза Рымбаева
    Видеодан кадр: Instagram/meruert_tusupbaeva

    Қазақстандық танымал әнші Меруерт Түсіпбаева өнердегі әріптесі Роза Рымбаеваны жаңа жасымен ерекше құттықтады. Эстрада жұлдызы туған күн иесіне естен кетпес тосын сый ұйымдастырған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Меруерт Түсіпбаева отандық эстрада дүлділін туған күнімен қалай құттықтағанын Instagram парақшасында көрсетті. Ол аса ерекше сәттің видеосын жариялап, ел назарына ұсынған.

    Әнші түнгі сағат он екіден кейін Рымбаеваның үйіне келіп, оған тосын сый жасады. Түсіпбаева өнердегі әпкесіне ән салып, торт тарту етті.

    "Сюрприз жасағанды жақсы көремін. Елімнің мақтанышы,Қазақстанның бренды Роза Қуанышқызын туған күнімен құттықтадық. Бақытты ғұмыр сүріп, сахна төрінен түспеңіз", - деп жазды ол.

    Желі қолданушылары Рымбаеваны жарысв туған күнімен құттықтап, өзінің ақ тілектерін білдіруде.

    Түсіпбаева Роза Рымбаеваға тосын сый жасап, туған күнімен ерекше құттықтады (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.