jitsu gif
Шоубиз

    Әйгілі түрік актері Бурак Озчивиттің басы дауға қалды

    Бурак Озчивит
    Фото: Instagram/burakozcivit

    Белгілі түрік актері Бурак Озчивит төрт жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін, деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.

    Белгілі болғандай, танымал актерге түсірілім кезінде 4 адамға тіл тигізді деген айып тағылып отыр.

    Осыған байланысты бірнеше айдан бері тергеу жүргізіліп, куәгерлер тыңдалған.

    Түркия заңдарына сәйкес, осыған ұқсас дауларды сот тарапынан тағайындалған медиатор арқылы шешуге мүмкіндік бар.

    Дегенмен қос тараптың да бір-бірінің ұсынысын қабылдамағаны анықталды.

    Нәтижесінде прокурор жағдайға қатысты "қорлау тізбегін" анықтап, Бурак Озвучитті 3 ай 15 күннен 4 жыл 1 айға дейін бас бостандығынан айыратын жаза талап етуде.

    Ал әртіс өзіне тағылған айыптауларды жоққа шығарып отыр.

    Әйгілі түрік актері Бурак Озчивиттің басы дауға қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.