jitsu gif
Шоубиз

    Жұлдыз Әбдікәрімова: Бәрін түсіндіруге болады, тек бәріне емес

    Жұлдыз Әбдікәрімова
    Фото: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

    Отандық танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова оқырмандарына келелі кеңес берді. Өнер иесі қандай жағдай болмасын адам әркез биік болуға тырысу керектігін айтты. Алайда, ол биіктікті көкірек пен бос кеудемен шатастырып алмау маңызды екенін ескертті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Жұлдыз Әбдікәрімова бұл тақырып аясындағы жазбасын Instagram парақшасында бөліскен. Көпбалалы ана көпшілікті деңгейіңнен төмен әңгімеге араласпауға шақырды. Оның сөзінше, ашу қысқан кезде үндемей қоя салған абзал.

    "Өзіме ең жиі айтатын жалғыз сөз - биік бол! Қандай жағдай болса да, кім болса да биік бол. Биіктік - көкірек пен бос кеуде емес. Деңгейіңнен төмен әңгімеге араласпау, ашу қысқан кезде үндемей қоя салу, бұрыс болса да, жеңістік бермейтін жанмен сөз таластырмау. Бәрін түсіндіруге болады, тек бәріне емес", - деп жазды ол.

    Желідегілер өнер иесінің сөзімен келісіп, оған өмірлік кеңес үшін алғысын білдірген. Көпшілік Қайрат Нұртастың жарынан осындай салиқалы дүниелерді жиі жариялап тұруын сұраған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.