jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "Он үш жыл күтті": Үшінші рет тұрмысқа шыққан Шахизада күйеуі туралы айтты

    Шахизада Байбатжанова
    Фото: Instagram/shahizada.art

    Жақында үшінші рет тұрмысқа шыққан әнші Шахизада жолдасы екеуінің махаббат хикаясы туралы айтып берді. Бейлгілі болғандай, сүйіктісі он үш жыл бойы оны күтіп, ақырында арманына қол жеткізген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Шахизада жеке өміріне қатысты жан сырын Paparazzi бағдарламасында ақтарды. Ол күйеуі өзіне осыдан он үш жыл бұрын сөз салғанын айтты. Ғашықтар арада неше жыл өтсе де, қосылып отбасын құрған.

    "Мен тұрмысқа шықтым. Бұл Алланың маған берген сыйы деп ойлаймын. Жалғыздық Аллаға ғана жарасады. Тек жолдасым қазір Түрік елінде. Жақында оралады, бұйырса. Мен еліме аттанайын, қызмет етейін, жұмысымды жалғастырайын деп кеттім", – деді әнші. 

    Айтуынша, өзінің құр отырмайтын пысықтық қасиеті күйеуіне ұнаса керек. 

    "Ол менің бір орында отырмай, үнемі  әрекет етіп жүргенімді ұнатады. Жұмысқа қарсылық білдірмейді. Бізде бәрі достықтан басталды. Он үш жыл бұрын сөз салған. Бірақ мен ол кезде тұрмыс құрам деп ойламадым. Дос болып жүрдік. Ол қалайда бір күні менің келіншегім боласың деп армандайды екен. Ақыры Алла сол арманына жеткізіпті. Сезімнен бұрын сыйластық маңызды. Арадағы қашықтың сыйластығымызға кедергі емес", – деді ол.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.