jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    Еркебұлан Дайыров киноға түсу үшін бір жарым айда 20 келі салмақ қосқан

    Еркебұлан Дайыров
    Фото: Instagram/erkebulan_dairov

    Қазақстандық танымал актер Еркебұлан Дайыров әртістердің кинодағы рөлі үшін қандай құрбандыққа баратынын айтты. Өнер иесінің өзі "Балуан Шолақ" фильміне түсу үшін бір жарым айда 20 келі салмақ қосуға мәжбүр болған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Еркебұлан Дайыров салмағын 89 келіден 108-ге дейін көтерген. Актер одан кейін бұл салмақпен ұзақ жүріп қалған. Алайда, кезекті жоба үшін арықтауына тура келген. Бұл туралы ол "Таңшолпан" бағдарламасында айтты.

    "Балуан Шолақ" фильміне дайындық кезінде 108 келіден аса салмақ жинадым. Менің бойым үшін үлкен салмақ. Қазақ киносының қиын тұстарының бірі - өте қысқа мерзімде бекітілесің. Уақыт аз болғаннан кейін, спорттық формаларға жүгінуге тура келді. Дәрумендер ішіп, 1,5 айда салмақты 89-дан 108-ге көтердік. Сол салмақпен біраз жүріп қалдым, көрермендердің көзі соған үйреніп қалды", - дейді Еркебұлан. 

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.