jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    Димаш Құдайбергеннен айнымайтын алматылық жігіт туралы не білеміз

    Өнер иесі
    Фото: instagram/bekov_bakhtiyar

    Танымал әнші Димаш Құдайбергенге ұқсайтын алматылық азамат өз арманы туралы айтты, деп хабарлайды exk.kz.

    Бақтияр Беков - Алматы қаласының тұрғыны. Оны көпшілік танымал әнші Димаш Құдайбергенге ұқсатады.

    Алматылық жігіт өнер иесін "Славян базары" байқауына қатысқан сәттен бастап танығанын жасырған жоқ.

    Көпшілік Бақтиярды танымал әншіге ұқсата бергеннен соң ол өзінің шаш үлгісін де, киім кию стилінде өзгерткен.

    Қазіргі уақытта оның жүк таситын көлігі бар.

    Бақиярдың сөзінше, сонымен клиенттерден тапсырыс алып, кеңсе жиһаздарын жеткізіп жүр.

    Димаштың шығармашылығын жоғары бағалайтын ол жүк көлігінің сыртына Димаштың суретін жабыстырып қойған. Алайда жұрт атақты әншінің суретін жарнама үшін пайдаланып жүр деп ойлайды екен.

    "Кейбір адамдар дұрыс түсінбей қалып жатыр. Мен Димаштың өнерін бағалаймын. Димаш емеспін десем де сенбей суретке түсіп жатады. Бұл менің көңіл-күйімді көтереді", - деп ағынан жарылды алматылық.

    Бақтиярдың жасы 32-де. Жұбайы және үш баласы бар. Он жыл бойы қаржы саласында жұмыс істеген. Соңғы екі жылда мамандығымды ауыстырдым, дейді ол.

    "Банк қызметкерінен жүк тасушыға айналдым. Басында қиын болды. Дегенмен екеуі екі нәрсе. Бірақ адам бәріне үйренеді екен", - деді алматылық.

    Бақтияр кеңсе жиһаздарын Алматы мен Алматы облысына тасып жүр. Клиенттерге тапсырысын жеткізіп берген кезде оны "Димашқа" ұқсатып, суретке түсіп жатады екен.

    "Сырт бейнемнің Димашқа ұқсағаны кейде көмектеседі. Жақында полиция қызметкерінен құтылып кеттім. Көлігімді жолдың шетіне дұрыс қоймаған екенмін. Полиция қызметкері мені Димашқа ұқсатып, менімен суретке түсті. Тек ескерту ғана айтып кетті", - деді Бақтияр.

    Ол алдағы уақытта кино саласында бағын сынап көрмекші. Егер режиссерлер Димаштың рөліне шақырып жатса бас тартпайтынын айтты.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.