jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    Гүлшарат Жұбаева: Соңғы жағдайлардан соң қалада жүруге қорқып қалдым

    Гүлшарат Жұбаева
    Фото: Instagram/gulsharat

    Отандық танымал актриса Гүлшарат Жұбаева Алматыда орын алған тәртіпсіздіктерден кейін өзінде жаңа фобия пайда болғанын айтты. Өнер иесі қалада жүруге қорқып қалғанын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Актриса көшеге шықса да, жан-жағына қайта-қайта қарап жүретін болған. Ол елде орын алған жағдайларға қатты уайымдап, тіпті салмақ тастағанын жеткізді. Бұл туралы Жұбаева өзінің Instagram парақшасында айтты.

    "Тағы бір фобия пайда болды. Алматыдағы соңғы жағдайлардан соң қалада жүруге қорқып қалдым. Полиция немесе жедел жәрдем көлігін көрсем бір түрлі боламын. Үнемі жан жаққа қарап жүретін болдым. Мүмкін тым көп қайғылы жаңалықтар көре берген соң болар, іштей бәрін уайымдап кеттім. Тіпті біраз салмақ тастадым. Жаңа жылдың алдында көңіл күйіміз керемет, жаңа жоспарлармен жаңа жылға үмітпен қадам басқан едік.
    Ал кәзір ештеңеге қолым бармай, онлайн курстарыма да, үзіліс жасадым. Дегенмен өмір жалғасып жатыр бұлай жалғастыруға болмайды! Дәл кәзір мен сияқты көңіл күйде жүрген кім бар? Бар болса қолыңызды көтеріп қойыңыз. Ендіше тезірек қалыпты тұрмыс тіршілігімізге оралуымыз қажет деп есептеймін. Ертеңнен бастап отбасымызға көңіл бөліп, адал кәсібімізбен айналысып, өмірге құлшыныспен қарап, сүйікті ісімізбен айналысып көңіл-күйімізді көтерейік дегім келеді", - деп жазды ол.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.