jitsu gif
Шоубиз

    Азамат Сатыбалды: Бүлдіру оңай, бүлінгенді қалпына келтіру қиынның қиыны

    Азамат Сатыбалды
    Азамат Сатыбалды. Фото: instagram.com/azamatc/

    Отандық танымал актер Азамат Сатыбалды барша отандастарына үндеу жасап, оларға елді аман сақтап қалуға шақырды. Өнер иесі қазір бөлінетін емес, бірігетін уақыт екенін алға тартты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Азамат Сатыбалды аталмыш жазбасын Instagram парақшасында жариялап, қазақстандықтарды жігерлендірді.

    "Бүлдіру оңай, бүлінгенді қалпына келтіру қиынның қиыны. Қазір "сен немесе мен" дейтін уақыт емес. Қазір "біз" деп бірігетін кезең. Бір тудың астына жиналып бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып елімізді аман сақтап қалайық. Талай қиындықтан өткен Қазақ елі, бұл сыннан да сүрінбей өтеді. Мен сені жанымдай жақсы көремін қазақ елі. Жаса Қазақстан", - деп жазды актер.

    Желі қолданушылары өнер иесімен келісіп, оған өз қолдауын білдірді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.