jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    "Көтеріп алған": Ақбота Сейітмағамбет пен Шерхан Пірназар қызу талқыға қалды (видео)

    Шерхан Пірназар мен Ақбота Сейітмағамбет
    Видеодан кадр: Instagram/qaz.stars

    Отандық танымал әнші Ақбота Сейітмағамбет тағы да қызу талқыға қалды. Бұл жолы өнер иесі отбасылы актер Шерхан Пірназармен көзге түскен. Қос жұлдыздың видеосы оқырмандар арасында пікірталас тудырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Ақбота Сейітмағамбет пен Шерхан Пірназардың бірге түскен видеосы Instagram желісіндегі qaz.stars парақшасында жарияланды. Бейнежазбада актердің аруды көтеріп алып, ғимаратқа қарай апара жатқанын көруге болады.

    Алайда, бұл жайт желі қолданушыларына ұнамай қалған. Олар некесі сәтсіз аяқталған актриса мен отбасылы ер азаматтың қылығын қатаң сынға алып, жағымсыз пікрлерді жаудырған. Бірақ, сын білдірушілермен қатар, жұлдыздарды жақтап шыққандар да болды.

    "Ұят қайда? Жақында ғана ұлы дүниеге келді ғой", "Осы екеуі қоймады. Әйелі бар емес пе?" , "Бұл отбасылы актер емес пе? Келіншегі қалай шыдап отыр", "Қанша жерден әріптес болса да, шекарадан аспау керек сияқты", "Түсірілім барысы шығар. Білмей жатып жамандаған дұрыс емес", "Олар әріптес, бұл олардың жұмысы. Кино түсіріп жатқанға ұқсайды", "Фильмнің түсірілім секілді", - деп жазды халық.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.