jitsu gif
Шоубиз

    Роза Әлқожаның жанкүйері концерт кезінде оған Алматыдан пәтер сыйлады

    Роза Әлқожа
    Фото: Instagram/bnygtx

    Халықаралық әйелдер күніне орай концерт беріп, елді қуантқан Роза Әлқожа ойламаған жерден үйлі болды. Мерекелік шара кезінде бейтаныс азамат сахнаға шығып, әншіге пәтер сыйлаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Аталмыш жағдай туралы концертке қатысқан белгілі журналист Әлия Құдайбергенова айтып берді. Ол Instagram парақшасында мерекелік кеш барысынан фото және видео жариялап, ерекше тосынсыйды да тілге тиек етті.

    "Розаға залдан бір көрермен жігіт жүгіріп шықты да: "Сізді анам жақсы көреді. Алматыдан мына пәтердің кілті сізге, шын жүректен" дегенде, Розканы білмедім, біз шок болдық", - деп баяндады ол. 

    Роза Әлқожаның ән кеші 8 наурыз күні Алматыдағы Республика сарайында өткен.

    Айта кетейік, өнер иесінің өзі әзірге бұл жағдайға қатысты пікір білдірген жоқ.

    Әлия Құдайбергенованың Stories-i
    Скриншот: Instagram/aliya.kudaibergenova

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.