jitsu gif
Шоубиз

    Қайрат Нұртастың інісі шаңырақ көтерді (фото, видео)

    Заңғар Нұртас сүйіктісімен
    Видеодан кадр: Instagram/zangaar

    Қайрат Нұртастың інісі Заңғар шаңырақ көтерді. Ол күні кеше сүйіктісін үйіне келін ғып түсірді. Жас әнші тоғыз жыл кездескен сүйіктісіне үйленген, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Ұзату тойы Алматының қымбат мейрамханаларының бірінде өткен. Дүбірлі тойда жастардың туған-туыстарымен қатар, бірқатар өнер жұлдызы да болған. Олардың арасында Нұрлан Еспанов, Абай Бегей, Жанболат пен Жазира, Мирас пен Құралай және тағы да басқалары бар.

    Әншілер мерекелік шараға қонақ болып келгенімен, өз өнерін де паш еткен. Жазира Байырбекова келінді ортаға әндетіп алып шығып, той соңында өзі ұзатты.

    Сонымен қатар, туған бауырының қуанышында Қайрат Нұртас да өнер көрсетті. Ол жастарға бақыт тілеп, өзінің бірнеше хит әнін орындап берді.

    Желі қолданушылары да жас жұбайларға құттықтауларын жаудырып, өз жылы лебізін білдірді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.