jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Дәрігерлер ескерткен": Асылхан Төлеповтің әйелі ұлына қатысты сұраққа жауап берді

    Асылхан Төлепов жарымен
    Фото: Instagram/assylkhantolepov

    Актер Асылхан Төлеповтің келіншегі баласының өліміне қатысты алғаш рет пікір білдірді. Айсұлу Нарымбекқызы бұл жағдай өзіне аса ауыр тигенін айтып, болашақта бұл тақырыпты қозғағысы келмейтінін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Бұл туралы актердің әйелі Instagram парақшасында жазды. Қайғыдан қан жұтқан ана қалың көпшілікке өз жан сырын ақтарып, мұңын шаққан.

    Оның сөзінше, дәрігерлер о бастан жағдайдың немен аяқталуы мүмкін екенін ескерткен.

    "Балаңыздың қай жері ауырды?" деп сұрап жатқан жандарға, мен бұл тақырыпты қозғамаймын. Оның ел аузында әңгіме болып талқыланғанын қаламаймын. Дәрігерлер о бастан не боларын айтып ескерткен. Отбасымызбен барынша амалдар жасадық. Алланың қалауы сол болды. Сабақ алдық. Сабырлық таныттық, әлі де танытып келеміз. Оңай емес. Бірақ өткенді ойлап, қайғы деген тұңғиыққа батпауға бел будық. Пешенемізге жазылғаны. Кейінгісін көре жатармыз. Көрер қызығымыз таусылмасын. Арты тек той болсын", - деп жазды ол.

    Айсұлу Нарымбекқызының Stories-i
    Скриншот: Instagram/ai__sulu

    Айсұлу Нарымбекқызы өзіне, отбасына барынша қолдау білдірген халыққа алғысын жеткізді.

    Айта кетейік, бұған дейін Асылхан Төлеповтің ұлы көз жұмғанын хабарлаған болатынбыз.

    "Дәрігерлер ескерткен": Асылхан Төлеповтің әйелі ұлына қатысты сұраққа жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.