jitsu gif
Шоубиз

    "Екінші рет үйлендім": Әзілкеш Дастан Қалдыбаев отбасылық өмірі туралы жан сырын ақтарды

    Дастан Қалдыбаев
    Видеодан кадр: Youtube/Hit TV

    Отандық танымал актер әрі әзілкеш Дастан Қалдыбаев алғаш рет отбасы туралы айтты. Өнер иесінің бірінші некесі сәтсіз аяқталып, ол жақында екінші рет шаңырақ көтерген, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Дастан Қалдыбаев жеке өміріне қатысты бар шындықты "Менің өмірім" бағдарламасында айтып берді. Әзілкештің бірінші некесінен екі баласы, екінші некесінен бір қызы бар.

    Ол бұрынғы әйелімен не себепті ажырасып кеткенін түсіндіріп, қазіргі келіншегі туралы тың мәліметті бөлісті.

    Актер некесі сәтсіз аяқталса да, балаларымен байланысын үзбеген. Ол перзенттерінің жағдайын жасау үшін барын салатынын айтты.

    "Оқуға өздері шақырған соң мен заңгерлікті, кейін экономист мамандығын оқыдым. Тегін жатақханада тұрдым. Студенттік шағымда отбасылы болдым, бірақ бірінші әйеліммен ажырасып кеттім. 8-9 жылдай болды. Үлкен ұлым мектеп бітіреді. Қызым 9-шы сынып бітіреді. Ол туралы айтқым келмейді. Әйелімнің еңбегі бар. Бірақ атын айтып, еске алғым келмейді. Әңгімеміз жараспады. Солай екі жаққа кеттік.

    Бір жыл бұрын екінші рет үйлендім. Қызым өмірге келді. 7 айға толды. Бұл жарымның есімі – Жанна. Екеуміз танысып, білісіп, бір-біріміздің қандай екенімізді білген соң үйлендік. "Аузы күйген үріп ішер" дегендей. Екі баламмен араласамын. Көмектесемін. Алматыда тұрады. Жағдайын жасаймын", – деді ол.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.