jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    "Жұмысым, отбасым, бес балам бар": Мейіржан Төребаев даулы оқиғаға қатысты пікір білдірді

    Мейіржан Төребаев әйелімен
    Фото: Instagram/meirzhach_tv

    Қаржы пирамидасын құрды деп күдікке ілінген блогер Мейіржан Төребаев даулы оқиғаға қатысты пікір білдірді. Желі жұлдызы келісімде болды деп күдіктеліп жатқан адамдарды мүлдем танымайтынын айтты. Оған қоса Төребаев аталған компанияның салымшысы болғанын алға тартып, өзі де 10 миллион теңге қаржысынан айырылып қалғанын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Мейіржан Төребаев Instagram парақшасында видеоүндеу жариялап, қаржы пирамидасын құруға өзінің еш қатысы жоқ екенін айтты.

    "Мен ұзақ уақыт бойы үнсіздік сақтадым. Алайда бұл шындыққа жанаспайтын әңгімелер шектен шығып жатыр. Енді мен үнсіз отыра алмаймын. Мен сіздердің шындықты білгендеріңізді қалаймын. Мені өмірімде танымайтын және көрмеген адамдармен келісімде болды деп күдікке іліндіріп отыр (Құрманғалиев, Мансұров, Рахимова және т.б.)", - деді блогер.

    Әзілкештің сөзінше, ол аталған адамдармен қаржы пирамидасын емес, мешіт салуды ойлаған.

    "Мен адамдарға дін бойынша қосылдым. Компания халал деп сендім. Ал олардың ту сыртымнан істеген істері маған белгісіз. Егер де ұйымдастырушылар адамдарды алдап жүргенін және ҚНРДА бұл компанияны қаржы пирамидасы екенін анықтағанын білгенімде бұл адамдармен байланыспайтын едім. Маған оның не керегі бар? Не үшін мұндай тәуекелге барамын? Менің жұмысым, отбасым, бес балам бар. Оларды аяққа тұрғызу керек", - деді Төребаев.

    Блогердің сөзінше, оны компания құрылтайшысы ретінде қаржы пирамидасы құрылып қойғаннан кейін біраз уақыт өткеннен кейін тіркеген. Оның қолында бұны растайтын құжаттар да бар.

    Мейіржан өзі де салымшы болғанын айтып, өзі салған 10 миллион теңгеден айырылып қалғанын жеткізді.

    "Жұмысым, отбасым, бес балам бар": Мейіржан Төребаев даулы оқиғаға қатысты пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.