jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Ләйлә Сұлтанқызы анасының туған күніне кіші қажылыққа жолдама сыйлады (видео)

    Ләйлә Сұлтанқызы анасымен
    Фото: Instagram/sultankyzy

    Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы анасының туған күнінде оған ерекше сый тарту етті. Ақпарат өкілі анасын Меккеге кіші қажылыққа жіберіп жатыр, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Ләйлә Сұлтанқызы Instagram парақшасында анасымен видеомен сөйлесіп жатқан сәтін бөлісті. Әңгіме барысында ол анасынан сапарға дайындық қалай екенін сұрады.

    Тележүргізушінің сөзінше, анасын Меккеге жіберу марқұм ағасының өзіне сеніп тапсырған аманаты.

    "Жылағым келіп отыр. 20-сы анашымның туған күні, балалары немерелері қазір кіші қажылыққа шығарып салып жатыр. Бұл марқұм ағамның өзіме тапсырған үлкен арманы мен аманаты еді. Қасиетті жерді тағы бір көрсем деген анамның арманының орындалғаны мен үшін үлкен бақыт. Құдай аналарды жылатпасын, балам үшін деп шырылдаған жүрегін ауыртпасын. Барлық дұға тілектері қабыл болсын. Ол жаққа баруды баршаларыңызға нәсіп етсін", - деп жазды ол.

    Ләйлә Сұлтанқызы анасының туған күніне кіші қажылыққа жолдама сыйлады (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.