jitsu gif
Шоубиз

    Мақпал Жүнісова өз кешінде қызымен бірге ән шырқады (видео)

    Мақпал Жүнісова қызымен
    Фото: Instagram/zhunusova.makpal

    Қазақ эстрадасының дүлділі Мақпал Жүнісова 1 мамыр күні Алматы қаласында үлкен ән кешін өткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Мақпал Жүнісова оңтүстік астанада дүркіретіп концерт беріп, өзінің барша тыңдармандарын қуантты. Өнер иесі халық сүйіп тыңдайтын әндерін шырқап, көпшілікке керемет көңіл-күй сыйлады.

    Эстрада дүлділін құрметтеп жанкүйерлерінен басқа бірқатар өнер жұлдызы да келді.

    Сондай-ақ Жүнісова концертіне жиылған халыққа ерекше адаммен дуэт орындап таңғалдырды. Ол өнер көрсетуі барысында қызы Мереймен сахнаға шығып, бірге ән шырқады.

    Қалың көпшілік әртістің өнеріне тәнті болып, шараның жоғары деңгейде өткенін жазуда.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.