jitsu gif
Шоубиз

    Асанәлі Әшімов көлігіне өзінің аты жазылған нөмірді неліктен тағып алғанын түсіндірді

    Асанәлі Әшімов көлігіндегі нөмірге қатысты пікірін айтты
    Асанәлі Әшімов. Фото: inform.kz

    КСРО халық әртісі Асанәлі Әшімовтың көлігіне өз есімі жазылған нөмір тағып алғаны әлеуметтік желіде біраз шу шығарды. 84 жастағы актерді Қызылордадағы жол полициясы өкілдері тоқтатқан болатын. Әйгілі актер Ұлттық арнадағы "1001 түн" бағдарламасына сұхбат беріп, өзінің мұндай қадамға неліктен барғанын түсіндірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    "Құрметті, әлеумет! Мен қазір ғана жолдан келдім. Әлеуметтік желіде менің көлік нөмірім шу боп жатыр. Менімен бірге кино түсірілімі жүр, сол үшін ғана уақытша тағылған. Оны ылғи тағып жүрмеймін ғой, білемін ғой...Тәртіп бұзбасақ, кино тәртібін бұзбасақ, жарты мезгіл тағуға болады ғой кино үшін. Олар жолда түсірді, көшеде түсірді. Бұл менің документалды фильмімде шығатын нәрсе", - деді Асанәлі Әшімов.

    Еске сала кетейік, Асанәлі Әшімовтің өз аты жазылған көлік нөмірін таққан видеосы көпшіліктің қызу талқысына түсті.

    Осыған байланысты пікір білдірген полиция қызметкерлері де аталған нөмір әйгілі актердің 85 жылдығына арналған деректі фильмді түсіру барысында қолданылғанын растады.

    Асанәлі Әшімов көлігіне өзінің аты жазылған нөмірді неліктен тағып алғанын түсіндірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.