jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Әнші Еркін Нұржанов ұлды болды

    Еркін Нұржанов әйелімен
    Фото: Instagram/erkin_nurjanov_official

    Отандық танымал әнші Еркін Нұржановтың отбасында қуанышты жағдай. Өнер иесі ұлды болды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Қуанышты жаңалықты жұлдызды әкенің өзі Instagram парақшасында бөлісті. Ол сәбилі болғанын хабарлап, көпшіліктен сүйінші сұрады.

    "Ассалаумағалейкум, ағайын! Ұлды болдым! Аллаға сансыз шүкірлер, мақтау-мадақтаулар болсын! Пайғамбарымыз Мұхамедке (с.ғ.с.) салауаттар болсын. Қазағым көбейе берсін. Сіздерге де жұғысты болғай", - деп жазды ол.

    Желі қолданушылары эстрада жұлдызын жарыса құттықтап, оған ақ тілегін білдірді.

    “Бауы берік болсын! Үлкен азамат болсын”, “Қазақтың баласы болсын”, “Өзіңе тартқан әнші болсын, адам болсын”, “Құттықтаймын, бауырым, қуанышыңа ортақпын”, “Аман-есен болсын, ауырмасын, тіл-көзден аман болсын”, “Қандай жақсы жаңалық”, “Жарыңыз екеуіңізге бақыт, денсаулық, махаббат тілеймін”, “Ер азамат болсын, жақсылығын көрсетсін”, “Бауы берік болсын”, – деп жазды оқырмандар.

    Әнші Еркін Нұржанов ұлды болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.