jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Оған не еңбегің сіңді": Зейнеп Ахметова келіндерін жамандайтын енелерге үндеу жасады

    Зейнеп Ахметова
    Видеодан кадр: kz.otyrar.kz: UGC

    Бауыржан Момышұлының келіні, белгілі жазушы Зейнеп Ахметова бүгінде келіндерін жамандап жүрген енелерді қатаң сынға алды. Ол баласы таңдап келген аруға барынша ана болуға тырысу керектігін алға тартты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Зейнеп Ахметова келіндеріне күн көрсетпей жүрген енелерге үндеуін "Hikmet TV" арнасына берген сұхбатында жолдады.

    "Сенің не еңбегің сіңді оған? Бір адамды бір әлем дейтін болсақ. Сенің қолыңа бір әлем келді. Сен оған қандай еңбек сіңірдің? Ананың ақ сүтін бердің ба? Әкенің адал күшін жұмсадың ба? Оны мүлдем басқа адамдар жасады. Түн ұйқысын төрт бөлді, ақ сүтін берді. Бақты, қақты, өсірді, жеткізді. Дайын күйі, тіпті бір күн қызығын да көрмей сенің қолыңа ұстатты.

    Ендігі жерде оған ие болмасаң, кімсің деймін. Кез келген әйел ене бола алады. Келінге ана бола білу керек. "Әйтеуір келін" дей бермей, бұл жерде ананың парасаты керек. Жас келінге қадалатын көз де көп, айтылатын сөз де көп. Киген киімі, жүрген жүрісі бәріне сыни көзбен қарайды. Осындай кезде кім сүйеу болу керек? Ене сүйеу болып, үлгі-өнеге көрсету керек", - деді ол.

    Зейнеп Ахметованың сұхбатынан үзінді Instagram желісіндегі qaz.stars парақшасында жарияланған.

    "Оған не еңбегің сіңді": Зейнеп Ахметова келіндерін жамандайтын енелерге үндеу жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.