jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Күйеуге шығып кетіңдер": Тоқтар Серіков Қалаубаева бастаған әншілерге ерекше бата берді (видео)

    Тоқтар Серіков
    Фото: Instagram/toktar_beibit

    Отандық эстрада жұлдызы Тоқтар Серіков өнердегі басы бос қарындастарына бата беріп, елдің қызу талқысына қалды. Әртістердің қатысуымен болған ерекше сәттің видеосы әлеуметтік желілерде тарап кеткен, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Тоқтар Серіковтың бата беріп жатқан бейнежазбасы Instagram желісіндегі qaz.stars парақшасында жарияланған. Онда әншінің Әйгерім Қалаубаева, Әйгерім Мамырова мен Ayree-ге өзінің ағалық тілегін жолдағанын көруге болады. Серіков оларға бар арманына жетіп, тезірек тұрмысқа шығуын тіледі.

    "Армандарыңа жетіңдер, биік-биік белестерден өтіңдер. Бар батамыз осы, байға тиіп кетіңдер", - деді әнші.

    Мұндай батаны күтпеген арулар соңында күліп жіберіп, өнердегі ағаларына риза болды.

    Желі қолданушылары да Тоқтар Серіковтың батасына қосылып, басы бос әнші қыздарға өнер саласында көп жүріп алмай, өз уақытында отау құру керектігін айтты.

    "Күйеуге шығып кетіңдер": Тоқтар Серіков Қалаубаева бастаған әншілерге ерекше бата берді (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.