jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Биыл елордада Астана күні қалай атап өтіледі

    Елорда
    Көрнекі сурет: pixabay.com

    Биыл еліміздің бас қаласы өзінің 24 жылдығын атап өтеді. Осыған орай қала тұрғындары мен қонақтары концерттер, көрмелер, фестивальдар мен премьераларды тамашалай алады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігі ресми сайтында.

    Ведомствоның мәліметінше, қала күніне орай шаһарда бірқатар әлеуметтік нысанның, гүлзардың, қоғамдық кеңістік пен 80-нен аса ауланың салтанатты ашылуы өтеді.

    Бұдан бөлек осы күннің құрметіне концерттер, спорттық турнирлер, көрмелер және т.б. ұйымдастырылады.

    Атап айтқанда, 1 шілде күні сағат 20:00-де Есіл өзені жағалауындағы амфитеатрда Батырхан Шүкеновтің шығармашылығына арналған "Твои шаги" атты концерт өтеді.

    3 шілде күні сағат 20:30-да ЭКСПО алаңында Ұлттық домбыра күні атап өтіледі. Сондай-ақ "Барыс Арена" мұз сарайында қазақ күресінен "Қазақстан барысы" республикалық турнирі өтеді.

    4 шілде күні сағат 18:00-де амфитеатр сахнасында "Астана кеші көңілді" мерекелік концертінде отандық эстрада әртістері мен шығармашылық ұжымдар өнер көрсетеді.

    4-6 шілде аралығында Орталық саябақта "Mereke Street" қалалық мәдениет фестивалі өтеді.

    Ұйымдастырылатын іс-шаралардың толық тізімін осы сілтемеге өту арқылы көруге болады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram