jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Актер Нұртас Адамбай қызды болды

    Нұртас Адамбай
    Фото: Instagram/nurtasadambay

    Отандық танымал актер әрі кинопродюсер Нұртас Адамбайдың отбасында қуанышты жағдай орын алды. Өнер иесінің екінші перзенті дүниеге келді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Нұртас Адамбайдың келіншегі оған қыз бала сыйлаған. Қуанышы қойнына сыймаған жұлдызды әке бұл жаңалығын Instagram желісінде жария етті.

    "Әлемдердің Раббысы Аллаға сансыз шүкір. Бүгін осындай сый алдым. Енді қыздың әкесі болу дегеннің қандай екенін білетін боламын. Баршаларыңызға құттықтауларыңыз үшін рахмет. Алла Тағала сіздерге де осындай бақыт бұйыртсын", - деп қуанышымен бөлісті Адамбай. 

    Нұртас Адамбайдың Stories-i
    Скриншот: Instagram/ nurtasadambay

    Желі қолданушылары ерлі-зайыптыны жарыса құттықтап, өз ақ тілегін жолдауда.

    Айта кетейік, бұл актердің екінші перзенті болды. Ерлі-зайыптының қызынан басқа бір ұлы бар.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.