jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Жарасымды жұп": Кәмшат Жолдыбаева мен Ғазрет Қажымұқанұлы желіде қызу талқыға түсті

    Кәмшат Жолдыбаева мен Ғазрет Қажымұқанұлы
    Скриншот: Instagram/qaz.stars

    Әлеуметтік желі қолданушылары отандық өнер саласында жаңа жұптың пайда болғанын жарыса жазуда. Қалың көпшілік әнші Кәмшат Жолдыбаеваның актер Ғазрет Қажымұқанұлымен кездесіп жүргенін болжауда. Қос әртіс "Рауза" телехикаясында бірге түскен болатын, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Кәмшат Жолдыбаева мен Ғазрет Қажымұқанұлының қарым-қатынасы жайлы Instagram желісінде тарап кеткен видеолардан кейін айтыла бастады. Бейнежазбаларда олардың саябақта және тауда бірге жүргендерін көруге болады.

    Жақында Жолдыбаеваның өзі де жас актермен жаттығу залынан видео бөліскен еді.

    Желі қолданушылары осы жайттарға сәйкес жұлдыздардың арасында сезім бар деген болжам жасады. Әлеуметтік желіде тіпті олардың жұбына арналған фан-парақшалар да ашылып кеткен.

    "Екеуі күшті жарасады", "Кездесіп жүрген секілді", "Тәтті жұп", "Сериалда ғашықтарды сомдап еді. Шынайы өмірге де ұласыпты ғой", "Бақытты болыңдар. Өте жарасымды жұп", "Кәмшат бағың ашылсын. Бақытты секілдісің", "екеуінің көп видеосын тарап кетті ғой. Шынымен жүретін сияқты", - деп жазуда оқырмандар.

    Айта кетейік, әзірге Кәмшат Жолдыбаева да, Ғазрет Қажымұқанұлы да қарым-қатынасына қатысты пікір білдірген жоқ.

    Қос актер отандық "Рауза" телехикаясына бірге түскен болатын. Олардық қатысуымен болған ашық сахна желіде қызу талқыланды.

    "Жарасымды жұп": Кәмшат Жолдыбаева мен Ғазрет Қажымұқанұлы желіде қызу талқыға түсті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.