jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Мейрамбек Бесбаевтың бала кезіндегі суретіне ел сүйсінді

    Мейрамбек Бесбаев
    Фото: Facebook

    "МузАрт" тобының әншісі Мейрамбек Бесбаев желіде жеке мұрағатынан фото жариялап, қалың көпшілікті тәнті етті. Желідегілер әртістің бала күнгі суретіне жылы лебізін жарыса білдірген, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Мейрамбек Бесбаев аталмыш фотоны Instagram парақшасында бөлісті. Өнер иесі балалық шағын еске алып, бұрынғы суретін жанкүйерлерінің назарына паш етуді жөн көрген.

    Желі қолданушылары бірден эстрада жұлдызына жылы лебізін білдіріп, өз пікірлерін қалдырды.

    "Бейқам балалық шақ", "Өнердің баласы", "Өмір жасыңыз ұзақ болсын. Сізді мақтан тұтамыз", "Бала Мейрамбек. Өсіп жүр, өне бер", "Қандай керемет фото. Осындай бұрынғы суреттеріңізбен жиі бөлісіп тұрсаңызшы", "Қазақтың біртуар әншісі деп білемін", "Осы кезден өнерге деген махаббатыңыз басталған секілді-ау", - деп жазуда оқырмандар.

    Мейрамбек Бесбаевтың бала кезіндегі суретіне ел сүйсінді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.