jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Кішкентай жүрек": Тамара Асар қызын бір жасқа толуымен құттықтады (фото)

    Тамара Асар
    Тамара Асар қызы Ажармен. Фото: instagram.com/tamara_assar_official/

    Қазақстандық танымал әнші Тамара Асар қызын туған күнімен құттықтап, желіде жазба жариялады. Өнер иесінің перзенті бір жасқа толған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Тамара Асар Instagram парақшасында қызының туған күнінен фотоларды бөлісіп, оны алғашқы туған күнімен қалай құттықтағанын көрсетті.

    Жұлдызды жанұя кішкентай Ажарға арнайы торт әзірлеп, тосынсый жасаған.

    "Кішкентай жүректің бірге толуы құтты болсын", - деп жазып қойды Тамара Асар сурет астына.

    Желі қолданушылары құттықтаулар легін жалғап, бүлдіршінге ақ тілегін жарыса жолдады.

    "Алла бере салған балапаным! Бар жақсылықты тіледік. Тіл-көзден аман болсын", "Тәп-тәтті, жап-жарық ботақан. Ғұмырлы бол", "Ақ балапанның туған күні құтты болсын! Тіл-көзден аман болсын", "Құттықтаймыз! Ажарға зор денсаулық, бақытты балалық шақ тілеймін", "Құтты болсын! Болашағы жарқын ғұмырлы болсын", - деп жазуда көпшілік.

    "Кішкентай жүрек": Тамара Асар қызын бір жасқа толуымен құттықтады (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.