jitsu gif
Шоубиз

    "Бәріміз бір өмір жолын бастап едік": Мейрамбек Бесбаев сыныптастарын көрсетті (фото)

    Мейрамбек Бесбаев
    Мейрамбек Бесбаев. Фото: instagram.com/m_besbaev

    Қазақ эстрадасының жұлдызы Мейрамбек Бесбаев мектеп кезін есіне алып, желіде ерекше мұрағаттық фотоны бөлісті. Өнер иесі көпшілікке өз сыныптастарын көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Мейрамбек Бесбаев балалық шағына оралып, мектеп кезінде қандай болғанын көрсетті. Әнші Instagram парақшасында бұған дейін еш жерде жарияламаған суретін жариялаған. Онда өнер иесінің ұстазы мен сыныптастарымен бірге тұрғанын көруге болады.

    "Бір дәуірдің мөлдіреген аспаны едік, Бәріміз бір өмір жолын бастап едік. Армандастар қайда? Абзал достар қайда? Замандастар, қарлығаштар қайда екен", - деген өлең шумақтарын жазды әртіс.

    Желі қолданушылары Бесбаевтың кішкентай кезіндегі фотосына сүйсіне қарап, оған жылы лебізін жаудырған.

    "Керемет естелік", "Сыныптастарыңыз сізбен мақтанатын шығар", "Қызыңыз да, ұлыңыз да өзіңізге ұқсаған екен", "Сондай сүйкімді болыпсыз", "Тәтті балалық шақ", "Мектеп кездеріне, сыныптастарға ешкім жетпейді", "Замандастар, достар аман болсын", "Мектеп қабырғасындағы кездерді сағынамын", - деп жазуда оқырмандар.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.