jitsu gif
Шоубиз

    Актриса Гүлнәр Сілбаева ұлының бір жасын атап өтті (видео)

    Гүлнәр Сілбаева
    Фото: Instagram/naarah_s

    Отандық танымал актриса Гүлнәр Сілбаева ұлының бір жасқа толуына орай мерекелік шара ұйымдастырып, қазақи дәстүр бойынша "тұсау кесу" рәсімін өткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Гүлнәр Сілбаева Instagram парақшасында видео жариялап, отбасылық қуанышы қалай өткенін көрсетті. Мерекелік шараға ерлі-зайыптының туыстары мен ет-жақындары келген.

    "Уақыт деген қалай тез өтуде. Бүгін ұлымыз бір жасқа толды. Зейін сені күн сайын жаңа қырынан танып-біліп жүрген біз бақыттымыз. Сен керемет адамсың. Сымбатты, ақылды, ақкөңіл, талантты, тәрбиелі, әзілқой, білімқұмар жансың. Бақытты бол, балапаным. Біз қасыңдамыз. Біз сені сондай қатты жақсы көреміз. Біздің қуанышымызға ортақтасып келген барша жақындарымызға алғысым шексіз", - деп жазды ол.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.