jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Көз жанарынан айырылған қазақ баласы айрықша дауысымен ресейліктерді таңдай қақтырды (видео)

    Кенжебек Нұрдолдай
    Кенжебек Нұрдолдай "Песни от души" эфирінде. Видеодан кадр: Youtube/ Kenjebek nurdolday

    Қарағандылық әнші әрі музыкант Кенжебек Нұрдолдай танымал ресейлік тележүргізуші Андрей Малаховтың "Песни от всей души" бағдарламасына қатысып, қалың көпшілікке өз өнерін паш етті. Көрермендер көз жанарынан айырылған қазақ баласының ән айту шеберлігіне тәнті болған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Белгілі болғандай Кенжебек Нұрдолдай Ақмола облысында дүниеге келген. Музыканттың көзі туғанынан көрмейді. Ол жеті жасынан бастап көру қабілетінде ақауы бар балаларға арналған қарағандылық интернатта тәрбиеленіп, сол жерден музыканы үйренген.

    Кенжебек алғаш рет үлкен сахнаға 13 жасында шыққан. Ол мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған "Жұлдызай" фестивалінде өнер көрсеткен.

    Кенжебек Нұрдолдай бүгінде әншілігін барынша дамытып, әлеуметтік желіде өз видеоларын көптеп бөлісуде. Солардың бірі Андрей Малаховтың назарына іліккен көрінеді. "Песни от души" бағдарламасының редакциясы бірден қазақ баласымен байланысқа шығып, оны түсірілімге Мәскеуге шақырған.

    Қарағандылық музыкант бұл мүмкіндіктен бас тартпай, Ресей астанасында өз өнерін паш етті. Барша көрермендер оның ән айту шеберлігіне тәнті болған.

    Кенжебек Нұрдолдай бағдарламадан кейін елге оралған бойда өзіне қолдау білдірген кқпшілікке алғысын айтты.

    Көз жанарынан айырылған қазақ баласы айрықша дауысымен ресейліктерді таңдай қақтырды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.