jitsu gif
Шоубиз

    "Әнші боламын деп ойлаған емеспін": Дастан Оразбеков өнерге қалай келгенін айтты

    Дастан Оразбеков
    Дастан Оразбеков. Фото: instagram.com/dastanello

    Танымал әнші Дастан Оразбеков бала кезінде әнші болуды армандамағанын айтты. Алайда әншінің әнге деген қызығушылығын мектеп қабырғасындағы ұстазы оятқан, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Өнер иесі Instagram парақшасында "Орда" тобына қалай келгенін жасырмай айтып берді.

    "Балалық шағымда әнші боламын деп ойлаған да емеспін, алайда маған музыканы, мәнерлеп оқуды, биді, домбырада ойнауды өмірдің өзі үйретті. Өнердегі мол тәжірибемнің жинақталуын тағдырым өзі шешкендей болып көрінеді.

    Менің сахнаға шығуым мектеп қабырғасындағы сайыстардан, Жаңатас қаласының концерттерінен басталды. Музыка пәнінен сабақ берген ұстазым Аманжол ағай менің әнге деген қызығушылығымды оятты. Одан кейін мен Гаухар Қаспақова, Бейбіт Сейдуалиева, Мадина Шәріпованы өнерге баулыған тәлімгер Көпжасар Арынұлының шәкірті болғым келген. Қыздарды ғана оқытатын болғандықтан, өкінішке орай, ол мені қабылдамады.

    Ал 15 жасқа толғанда, отбасыммен бірге Алматыға көшіп келдім, содан музыка екінші орынға түсіп қалды. Мен спортпен шұғылданып, көп уақытты достарыммен өткізе бастадым", - деді әнші.

    Алайда ағасы оқитын театр колледжіне әнші қажет болып, кастингке барады.

    "Бір күні ағам оқитын театр колледжінде топ құру үшін әнші қажет болды. Бұл менің өмірімді түбегейлі өзгерткен қадам еді

    Сол кезде мен алғаш рет кастингке қатыстым, мені бірден қабылдады. "Керемет" театрында басталған осы мансабым бүгінгі күнге дейін жалғасын тауып жатыр. Айтпақшы, дәл осы театрда алғашқы "Орда" тобы құрылды", - деп айтты Дастан Оразбеков.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.