jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    Семейге концертке барған Ерке Есмахан ыңғайсыз жағдайға тап болды (видео)

    Ерке Есмахан
    Ерке Есмахан. Фото: instagram.com/erke_esmahan

    Отандық әнші Ерке Есмахан Республика күні Семейде өткен концертте әнінің сөзін ұмытып қалған. Бұл жайлы өнер иесі өзінің Instagram парақшасында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Әнші Семейге концерт үшін арнайы ұшып барған.

    Ерке Есмаханның жариялаған видеосына сүйенсек, ол "Аэропорт" әнінің сөзін ұмытып қалған.

    "Миллион рет айтып жүрген әннің сөзін ұмытып қалғаным қалай кетті?", - деп жазды Ерке Есмаханның өзі.

    Ал сәлден соң әнші "Еркелей берем" айтпақ болғанда, әннің фонограммасы қосылып кеткен. Әнші дереу әрекет етіп, фонограмманы тоқтатуды сұраған.

    "Тоқтат, тоқтат. Плюспен қосылып кетті ғой. Қайтадан минуспен қоса ғой", - деді әнші.

    Семейге концертке барған Ерке Есмахан ыңғайсыз жағдайға тап болды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.