jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    Әнші Төреғали Төреәлінің кенже қарындасы ұзатылды (видео)

    Дина Төреәлі
    Дина Төреәлі. Фото: instagram.com/tattti_kyz

    Күні кеше сырға салынған әнші Төреғали Төреәлінің кенже қарындасы ұзатылды. Әлеуметтік желіде бойжеткеннің ұзату тойының видеосы тарады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Дина Төреәлі осыдан бірнеше күн бұрын күйеу жігітімен мұсылманша неке қидырған болатын.

    Артынша бойжеткен құда түсіп, сырға салынды. Әншінің отбасы бойжеткеннің құдалығын дүркіретіп өткізіп, болашақ құдаларға шетелден әкелінген киіт кигізді.

    Ал кеше Төреғалидің отбасы Динаның ұзату тойын жасады.

    Ұзатылатын қызды ортаға Жазира Байырбекова алып шыққан.

    Ал ұзатылар сәтте бойжеткенді күйеу жігітке табыстау рәсімі Төреғалидің келіншегі Толқынға бұйырды. Ол ән салып жүріп, қайын сіңлісін ұзатып салды.

    Әнші Төреғали Төреәлінің кенже қарындасы ұзатылды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.