jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    Отандық әнші Еркеш Хасен: Әйелімді ренжітсем, қызымды біреу ренжітетін сияқты (видео)

    Еркеш Хасен
    Еркеш Хасен. Фото: "OZMZғой" бағдарламасы

    Отандық жас әнші Еркеш Хасеннің жақында тұңғышы дүние есігін ашты. Әнші қызы өмірге келгелі әйеліне деген көзқарасының өзгергенін "OZMZғой" бағдарламасында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Еркеш Хасеннің айтуынша, ол тұңғышы арқылы барлық нәзік жандыларға

    "Әке болу сезімі мүлде басқаша. Қызым туылғаннан кейін әйеліме басқаша қарап бастадым. Егер мен әйелімді ренжітсем, ертең біреу менің қызымды ренжітетін сияқты. Тіпті көшеде біреу тиіп кетсе, бұрын жауап қайтаратынмын. Ал қазір үндемей өтіп кетемін. Себебі қазір бір қыз баласына артық сөз айтып қойсам, кейін мен сияқты біреу қызыма сөйлейтін секілді.

    Қыз деген - ең әлсіз жерің. Ол күлсе, бар қайғыңды ұмытасың. Қазір үш айлық. Бірақ қызымды көпшілікке әзір көрсеткім келмейді, тіл мен көз бар дегендей. Қызымды қатты қызғанамын. Туылғанда тек қарап жүретінмін, кейін қылығы шығып бастады. Көзі өзіме тартқан", - деді Еркеш Хасен.

    Айта кетейік, осыған дейін Еркеш Хасен "Alem band" тобының құрамында ән айтты. Ол екі жыл бұрын топтан шығып, жеке әнші ретінде өнерге қадам басты.

    Отандық әнші Еркеш Хасен: Әйелімді ренжітсем, қызымды біреу ренжітетін сияқты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.