jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Сыңсу айтқан Төреғали Төреәлінің жұбайы көпшілікті сүйсінтті (видео)

    Дина Төреәлі
    Дина Төреәлі. Фото: instagram.com/tattti_kyz

    Жақында қайын сіңлісін өз қолымен ұзатқан Төреғали Төреәлінің жұбайы сыңсу әнін жариялады. Әйелінің әнін көпшілікке Төреғали Instagram парақшасында таныстырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Әнші жұбайының әнін әлеуметтік желіден қалай жүктеуге болатынын жазып қойған.

    "Толқын Тұрарбекқызы "Сыңсу". Бағасын беріп, пікір қалдырып кетіңіздер", - деп жазды Төреғали Төреәлі.

    Ал әлеуметтік желі қолданушылары әншінің жұбайы Толқынның бастамасына сәттілік тілеп, дауысының әдемі екенін жазған.

    "Толқынға ризамын. Жеңге болса, Толқындай болсын", "Қайын сіңлісін өз қолымен ұзатты", "Енді Толқын қыз ұзатуға шығады ма?", "Толқындай қызды тәрбиелеген ата-анасына рақмет",

    "Дуэт болып ән айтсаңыздар болады екен", "Сыңсу керемет", "Төреғали жар таңдауда жаңылыспаған", "Дауысы жағымды екен Толқынның", - деп жазды желі қолданушылары.

    Естеріңізге сала кетейік, бірнеше күн бұрын әнші Төреғали Төреәлінің кенже қарындасы ұзатылған болатын.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.