jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Отандық актер Қуандық Шәкіржанов балаларын көрсетті (фото)

    Қуандық Шәкіржанов балаларымен
    Қуандық Шәкіржанов балаларымен. Фото: instagram.com/kuandykshakirzhanov

    Отандық комедиялық фильмдер арқылы көпшілікке танылған актер Қуандық Шәкіржанов балаларын көрсетті. Өнер иесі ұл-қызымен түскен суретін Instagram желісіне жүктеген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Актер балаларымен түскен сурет астына "Менің байлықтарым", - деп жазған.

    Ал желі қолданушылары Қуандық Шәкіржановқа қызының өзінен айнымайтынын жазған.

    "Балаларыңыз келбетті екен", "Қызыңыз өзіңізге тартыпты", "Ұлыңыз сұңғақ бойлы, ажарлы екен", "Балаларыңыздың қызығын көріңіз", "Балаларыңыз тек жақсылық көрсетсін", "Ұрпағыңмен өсіп-өне бер", - деп жазды желідегілер.

    Айта кетейік, желі қолданушылары арасында актерден жұбайы жайлы сұрағандар да табылды.

    "Отбасыңызды неге көрсетпейсіз?", "Әйеліңіз қайда?", "Балалардың анасы қайда?", "Анасы мүмкін суретке түсіріп тұрған шығар", - деді актердің оқырмандары.

    Естеріңізге сала кетейік, Қуандық Шәкіржанов осыдан біраз уақыт бұрын Қайрат Нұртастың жұбайы Жұлдыз Әбдікәрімовамен әзіл видео түсіріп, көпшіліктің қызу талқысына түскен болатын.

    Отандық актер Қуандық Шәкіржанов балаларын көрсетті (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.