jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "Көктемде ұзатылам": Отандық әнші Гүлмира Ізбасқановаға сырға салды (видео)

    Гүлмира Ізбасқанова
    Гүлмира Ізбасқанова. Фото: gulmira_izbaskhanova01

    Әлеуметтік желі арқылы танылған әнші Гүлмира Ізбасқанова тұрмысқа шығатынын айтты. Әнші желіге сырға салынған сәтін жүктеді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Бриллиант сырға құтты болсын. Көктемде ұзатыламын", - деді Гүлмира Ізбасқанова.

    Жас әншінің бұл жаңалығын естіген желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Олардың бірі әншінің тұрмысқа шығатынына сенбесе, екіншілері оған бақыт тілеген.

    "Бақытты бол", "Өте сұлусың. Қыз жат жұрттық", "Бағың ашылсын", "Сендей қызды алған жігіттің арманы жоқ шығар", "Өнерде бағы жанған қызсың. Өмірдеде бағың жансын".

    "Мен де қыз кезімде еркекшора болдым. Тұрмысқа шығып өзгердім", "Құдай біледі "Ұзатылам көктемде" дегені жаңа әнінің аты шығар", "Кімге тұрмысқа шығып жатырсыз?", "Үнемі әзілдеп жүреді ғой", "Рас па екен?", "Жәй видео шығар", - деп пікір білдірді желідегілер.

    Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Гүлмира Ізбасқанованың ғаламторда анасымен видео түсіріп танылғанын айтқан болатынбыз.

    "Көктемде ұзатылам": Отандық әнші Гүлмира Ізбасқановаға сырға салды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.