jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "Өкіріп жыладым": Нұрлан Қоянбаев етке ақша таппаған күндерін еске алды (видео)

    Нұрлан Қоянбаев
    Нұрлан Қоянбаев. Фото: t.me/ptrkkz

    Қазақстандық фильмдердің продюсері Нұрлан Қоянбаев етке ақша таппаған күндерін еске алды. Актер кенже қызы жинап жүрген ақшасын қолына ұстатқанда көз жасына ерік бергенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Актердің форумда сөйлеген сөзі әлеуметтік желіде таралып кеткен.

    "Қарасам, қырыққа келгем. Жалақым әлі 270 мың теңге. Мен "Айлығымды көтересіздер ме? Рейтинг жасап жатырмын, өтінем. Мені адамдар танып, суретке түсіп жатыр" деймін. "Жоқ, талап сондай. Өзгермейді" деп көтермейді. Бір күні қарызға кірдім. Ақша жоқ.

    Бірақ түр бермеймін. Қалтамда көк тиын жоқ. Әйелім "Етті аламыз ба, алмаймыз ба?" деп сұрап жатыр. Үйде ет алу мәселесі сұрақ болып тұр. Жаман шаршап, жылағым келіп кетті. Әйелім екеуміз отырмыз. Әйелім менен 8 жас кіші. Кейде "Отбасыма ақша тауып бере алмаймын ба?" деп қысыламын ғой.

    Сөйтіп отырсақ, кішкентай қызым Нұрай келді. Жинап жүрген ақшасын алып келіп, "Папа, менде етке ақша бар" дегенде өкіріп жыладым", - дейді Нұрлан Қоянбаев.

    Актер осыдан кейін телевидениеден кетіп, кино әлеміне барған.

    "Содан кейін "Жетер" дедім де, телевидениеден кетіп қалдым. Киноға бардым да, 12 млн доллар ақша таптым", - деді Нұрлан Қоянбаев.

    "Өкіріп жыладым": Нұрлан Қоянбаев етке ақша таппаған күндерін еске алды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.