jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    "Ұлым үйленгенде бәрін шақырдым": Ақбота Керімбекова бұрынғы күйеуі мен ұлдарының қарым-қатынасына тоқталды

    Ақбота Керімбекова
    Ақбота Керімбекова. Фото: Instagram/botakerim

    Ақбота Керімбекова ұлдарының әкесімен қарым-қатынасы туралы ашық айтты. Әнші үш ұлының әкесімен араласуына еш кедергі болмайтынын мәлімдеді, деп жазады "Менің өмірім" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Әртүрлі тағдыр ғой... Үш ұлым үш түрлі. Тәрбиелейсің... Еркек бол, жігітше жүр деп айтасың... Өзінің міндеттемелерін атқарсын, білімін алсын, оқысын дейсің. Аллаға шүкір, әкесіз өссе де, балаларым тәрбие алды.

    Әкелерімен араласып тұрады. Туған-туыстарына, ата-апаларына барады. "Араласыңдар, барыңдар", - деп айтамын өзім. Өзінің елі, жері... Ұл үйленгенде де енемді, әкелерін, туған-туыстарын шақырдым. Келді бәрі... Онда тұрған не бар?! Өмір ғой бәрі...

    Әкесімен араластырмай, баласын көрсетпейтіндерді түсінбеймін. Мен керісінше ұлдарымды әкесіне қарай итермелеймін. "Балаларға кел, қыдырт", - дейтінмін өз басым. Қазір өсті, барлығын өздері шешеді ғой. Дегенмен де әркімнің тағдыры әртүрлі. Сынауға да, даттауға да хақымыз жоқ. Жеке өмірімде бәрі жақсы, құдайға шүкір", - деді Ақбота Керімбекова.

    Еске сала кетейік, Ақбота Керімбекова бұған дейін келінімен ара қатынасы туралы айтқан болатын.

    "Ұлым үйленгенде бәрін шақырдым": Ақбота Керімбекова бұрынғы күйеуі мен ұлдарының қарым-қатынасына тоқталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.