jitsu gif
Шоубиз

    "Шексіз сүйемін": Тәуекел Мүсілімнің жұбайы жарының туған күніне жантебірентерлік жазба арнады

    Тәкеуел Мүсілім жұбайы Махаббатпен. Фото
    Тәкеуел Мүсілім жұбайы Махаббатпен. Фото: Instagram/mahonti__

    Тәуекел Мүсілімнің жұбайы Махаббат актерді туған күнімен құттықтап, желіде жантебірентерлік жазба қалдырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Махаббат Мүсілім құттықтау тілегін өзінің Instagram парақшасында жазды. Онда ол сүйікті жарына бақыт тілеп, әрдайым қасынан табылатынын жеткізді.

    "Жаным! Туған күніңмен шын жүректен құттықтаймын! Аллаһ қаласа, биік-белестерді бағындырып, алға қойған мақсаттарыңа, аңсаған армандарыңа жететініңе сенімдемін! Мен әрдайым сенің қасыңда қолдаушыңмын!

    Ең бастысы денсаулығың мықты болсын, бақытымыз баянды, әрбір күніміз қуаныш пен шат күлкіге толы болсын! Отбасымыз аман болып, татулығымыз бен берекеміз мықты болсын! Әрқашан сенімен біргеміз! Мен сені шексіз сүйемін!",-деп жазды ол.

    Желе қолданушылары құттықтауға қосылып, өздерінің жүрекжарды тілектерін жазды.

    "Жарайсыздар, бақытты болыңыздар", "Қандай жарасымды жұп, көз тимесін", "Балаларыңыздың қызығын бірге көруді Алла нәсіп етсін", "Әдемісіздер, отбасыларыңыз аман, дендеріңіз сау болсы", деп жазды желі олар.

    "Шексіз сүйемін": Тәуекел Мүсілімнің жұбайы жарының туған күніне жантебірентерлік жазба арнады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.