jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    Танымал қазақ актері қызын ұзатты (фото, видео)

    Қарагөз Сүлейменова, Досхан Жолжақсынов, Ерлан Біләл жұбайымен
    Қарагөз Сүлейменова, Досхан Жолжақсынов, Ерлан Біләл жұбайымен. Фото: .instagram.com/karagozsuleimenova

    Отандық актер, Әуезов театрының бұрынғы директоры Ерлан Біләл қызын ұзатты. Бұл жайлы танымал актер Досхан Жолжақсыновтың жұбайы Қарагөз Сүлейменова Instagram парақшасында мәлім етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Қарагөз Сүлейменова әлеуметтік желіде актердің қуанышынан видео мен суреттерді бөліскен.

    "Ерлан-Майгүл, қызымыз Әсмә бақытты болсын! Құдалық мың жылдық болып, арада жорға жүрсін! Той тойға ұлассын. Сүйікті актерлеріңіз Ерлан Біләл қызын ұзатып, ұлдарымен балапандай қызына ән арнап тұрған сәті.

    Әкеге қыздың орны бөлек қой. Жастар бақытты болсын. Өнегелі, өрелі отбасы болуды жазсын. Бір отбасының емес, бір елдің түтінін түтетіп, бағын ашсын", - деп жазды Қарагөз Сүлейменова.

    Актер қызының ұзатуында ұлдарымен бірге қызына арнап ән орындаған.

    Видеодан Ерлан Біләлдің Досхан Жолжақсыновқа шапан жауып жатқан сәтті көруге болады.

    Желі қолданушылары жас жұбайларға бақыт тілеп, ақ тілектерін жаудырған.

    "Барған жерде бағы жансын", "Бұл кісінің төрт ұлы барын білмеппін", "Міне, нағыз үлгілі отбасы", "Бақытты болсын", "Бізге де осындай тойды нәсіп етсін", "Қыз беру оңай емес", "Барған жерде бағы ашылсын", - деп жазды желідегілер.

    Танымал қазақ актері қызын ұзатты (фото, видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.