jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "10 жыл күткен сәби": ауыр дертпен күрескен қазақстандық блогер ана атанды (видео)

    Марлен мен Анель
    Марлен мен Анель. Фото: instagram.com/marlenaneska

    Қазақстандықтарға әлеуметтік желі арқылы танылған жұп Марлен мен Анель ұлды болды. Ұзақ жылдар бойы ауыр дертпен күрескен бойжеткен, дәрігерлердің ана бола алмайтынын айтқанына қарамастан, 10 жылдан кейін дүниеге сәби алып келді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Тұңғышын жылдар бойы күткенін Анель Instagram парақшасында айтып берді.

    "Алла бізге 10 жыл сабырмен күткен сәбиді берді. Иә, маған оңай болмады. Дәрігерлер "ешқашан ана болмайсың" деп неше мәрте қолдарын бір сілтеді. Маған ауыр тиетін, жылайтынмын. Бірақ ешқашан Алладан үмітімді үзбедім", - деді Анель.

    "Осы сәтті көрсеткен Аллаға сансыз шүкір. Сенің иісің бөлек қой, ботақаным. Бізбен бірге дұғада болған қаншама жан бар, Аллаға шүкір.

    Мен негізі босандым. Перзентханадан шыққан едік, бірақ қайта оралдық. Сәби сүйгісі келіп жүрген отбасыларға жұғысты болсын", - деп жазды блогер ару.

    "10 жыл күткен сәби": ауыр дертпен күрескен қазақстандық блогер ана атанды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.