jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    "Ең қымбат шапанын беремін деді": Белгілі айтыскер ақын қыз 40 келі салмақты қалай тастағанын айтты

    Айшолпан Тілеутай айтыста
    Айшолпан Тілеутай. Фото: instagram/tleutai.aisholpan

    Суырып салма ақын Айшолпан Тілеутай өзінің 40 келі салмақты қалай тастағанын және өзіне арықтау үшін кім мотивация бергенін айтты. Бұл туралы "Сұрауы бар" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Айшолпанның арықтауына Динара Сәтжанның сыйлығы себеп болған.

    "Иә, қырық келідей салмақ тастағаным рас. Әлі процесс үстіндеміз. Бұйырса 60 келіге дейін арықтаймын деген мақсат бар.

    Астанаға алғаш келгенде Динара Сәтжанның дүкенінен бардым. Ол кісі мені танып қалды. Негізі ол орысшалау адам болған соң, мені танып жатқанына таң қалдым.

    Сол жерде Динара ханым маған спорттық киім сыйға тартты да, тағы да арықтасам, маған ең қымбат шапанын беретінін айтты.

    Шапан деген соң елең ете қалдым. Бұған дейін арықтасаң ақша беремін дегендер де болды. Бірақ шапан ерекше әсер етті", - деді ол.

    "Ең қымбат шапанын беремін деді": Белгілі айтыскер ақын қыз 40 келі салмақты қалай тастағанын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.