jitsu gif
Шоубиз

    "Бриджертон" сериалының жұлдызы әлемдегі ең сымбатты ер адам атанды

    Реге-Жан-Пейдж
    Реге-Жан-Пейдж. Фото: instagram.com/regejean

    Лондондағы косметикалық және пластикалық хирургия орталығының жетекшісі, дәрігер Джулиан Де Сильва британдық актер Реге-Жан Пейджді әлемдегі ең сымбатты ер адам деп атады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Metro басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

    Маманның сөзінше, "Бриджертон" сериалының 34 жастағы жұлдызы Реге-Жан Пейдждің бет-әлпеті мінсіз келбетке 93,65 пайызға ​​жақын.

    Де Сильваның айтуынша, актердің әсіресе қоңыр түсті көздері ерекше әдемі.

    "Оның ернінің де пішіні мінсіз. Сәл төмен ұпай алған беттің жалғыз бөлігі – мұрны ғана", – дейді Де Сильва.

    Дәрігер әлемдегі ең сымбатты ерлердің рейтингінде екінші орынға австралиялық актер Крис Хемсвортты лайық деп тапқан. Оның бет-әлпеті мінсіз келбетке 93,53 пайыз жақын.

    Үшінші орында америкалық актер Майкл Би Джордан тұр. Оның бет-әлпеті мінсіз келбетке 93,46 пайыз жақын.

    Майкл Би Джордан
    Майкл Би Джордан. Фото: Rich Fury/VF22/Getty Images for Vanity Fair

    Рейтингтегі төртінші орын британдық әнші Гарри Стайлске бұйырған. Оның бет-әлпеті мінсіз келбетке 92,30 пайыз жақын.

    "Бриджертон" сериалының жұлдызы әлемдегі ең сымбатты ер адам атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.