jitsu gif
Шоубиз

    Роза Рымбаева немерелі болды

    Роза Рымбаева
    Роза Рымбаева. Фото: t.me/bort_01

    Халық әртісі Роза Рымбаева немерелі болды. Өнер иесін әріптесі Мақпал Жүнісова желіде құттықтап, халыққа сүйінші жаңалықты мәлім етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Роза Қуанышқызы, қуанышыңыз құтты болсын! Әже болуыңызбен, бауы берік болсын! Үлкен азамат болсын", - деп жазды Мақпал Жүнісова Instagram парақшасында.

    Айта кетейік, бұл жаңалықты Роза Рымбаева да, ұлы Әли мен келіні Ақерке де әлеуметтік желіде бөліспеген.

    Бірақ әлеуметтік желіде Роза Қуанышқызы мен Әли Оқаповтың оқырмандары парақшаға пікір қалдырып, жаңа туған нәрестеге "Бауы берік болсын" деп жарыса жазуда.

    Естеріңізге сала кетейік, Роза Рымбаеваның тұңғышы Әли Оқапов пен келіні Ақерке Бүркітбай 2020 жылы шаңырақ көтерді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.