jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    Нұржан Төлендиев ұзатылатын қызын ел алдына өзі алып шықты (видео)

    Нұржан Төлендиев қызы мен жұбайымен
    Нұржан Төлендиев қызы мен жұбайымен. Фото: instagram.com/nurjan_tolendiev_official

    Елімізге танымал әзілкеш Нұржан Төлендиев осыдан біраз уақыт бұрын қызы Қорланды ұзататынын айтқан болатын. Жақында жаңа құдаларымен танысқан әзілкеш ұзату тойында қызын ел алдына өзі алып шықты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Күні кеше әзілкештің қызы Қорланға құдалар жағы дәстүр бойынша сырға салған болатын.

    Көпшілікке бұл сәтті Нұржан Төлендиевтің өзі TikTok желісінде көрсетті.

    Видеодан әзілкештің қызы Қорланды мейрамхана төріне, елдің алдына өзі алып шыққанын байқауға болады.

    Ал осыдан соң Төлендиевтің ұлдары әпкесіне құшақ-құшақ гүл сыйлайды.

    Айта кетейік, ұзату тойда асаба қызметін әзілкеш Қанат Әлжапбаров атқарған. Сонымен қатар Төлендиевтің қуанышына Мақпал Жүнісова, Мейрамбек Бесбаев, тағы да басқа әншілер жиналған.

    Нұржан Төлендиев ұзатылатын қызын ел алдына өзі алып шықты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.