jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    Айжан Байзақованың інісі анасына пәтер сыйлады (видео)

    Әлихан Байзақов анасымен
    Әлихан Байзақов. Фото: instagram.com/baizaakov

    Айжан Байзақованың інісі анасына пәтер сыйлады. Әлихан Байзақов анасының армандаған пәтерін сыйға тартқан сәтті Instagram парақшасында көпшілікке көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Видеодан Әлихан Байзақовтың анасы қуаныштан көзіне жас алғанын байқауға болады.

    "Анамның біраздан бері армандаған дүниесін әпердім. Бала күнімде үлкен үйіміз бен өз көілігіміз болса деп армандайтынмын. Бала кезде біздің пәтеріміз кішкентай болды. Бірақ соған қарамастан үйдің іші махаббат пен жылулыққа толы болатын.

    Анам бізді кішкентайымыздан спортқа баулыды. Жаңбыр мен қарға қарамастан анам менің қалай футбол ойнайтынымды тамашалайтын. Автобуста қолыма бәліш пен сусын ұстап үйге қайтқан күндерді ешқашан ұмытпаймын.

    Түрлі көліктер мен жаңадан соғылған үйдің жанынан өткенде анама болашақта сатып әперетінімді айтатынмын. Анашым, бұл енді сенің пәтерің. Енді ағаш отырғызып, келіншек алып, ұл тәрбиелеу қалды. Бәріңізге жақыныңыз армандаған дүниені алып беру бұйырсын", - деп жазды Әлихан Байзақов.

    Желі қолданушылары блогердің бұл ісіне сүйсініп, риза болғанын жазды.

    "Жарайсың", "Бізге де жұғысты болсын", "Ата-ананы қуантқанға не жетсін?", "Сендер үшін қуаныштымын", - деп жазды желідегілер.

    Айжан Байзақованың інісі анасына пәтер сыйлады (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.