jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    Дастан Оразбеков: Қолымызды бір сілтеп, ажырасуға дейін барған кезіміз болды

    Дастан Оразбеков жұбайымен
    Дастан Оразбеков жұбайымен. Фото: instagram.com/dastanello

    Танымал отандық әнші Дастан Оразбеков отбасылық құпиясын бөлісті. Өнер иесі жұбайы екеуінің ажырасуға дейін барған сәті болғанын Динара Сәтжанға берген сұхбатында айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Мен де, жұбайым да қызғаншақпыз. Бірақ қызғаныштың орны, шегі болады. Әйелім қызғанышқа себеп болатын әрекетке жол бермейді. Жұбайым біреумен құшақтаспақ түгілі, өзгемен билемейді де. Көрсетпесем де, мұнысы маған ұнайды. Ал менің тыңдарманыммен кері байланысым, қарым-қатынасым қызғанышқа себеп болатыны сөзсіз. Бірақ, шынайы махаббат болса, көп нәрсеге төзесің.

    Махаббат барда көп дүниеге кешіріммен қарайсың. Қандай жағдай болсын түсінуге тырысасың. Жұбайым екеуіміздің жанымыз егіз. Өзара келіспей қалатын кезіміз де болады. Бірақ бұл кикілжіңдер болмаса, біз бір-бірімізді толықтыратынымызды түсінбес едік. Мен - оңтүстіктің жігітімін. Ол - Қостанайдың қызы, тік мінезді. Уақыт пен тәжірибе бәріне үйретеді. Әрине, қарым-қатынасымызда қиындық болады. Кез келген отбасыда қиындық болады деп ойлаймын. Қолымызды бір сілтеп, ажырасуға дейін барған кезіміз болды. Бірақ мен онсыз не істеймін? Ол жанымда болмаса, маған қиын.

    Әйеліме күніне бес-алты рет хабарласамын. Егер таңертең оянғанда мен оның жанынан табылмасам немесе ол менің жанымда болмаса, бірінші кезекте бір-бірімізге хабарласамыз", - деп айтты Дастан Оразбеков.

    Дастан Оразбеков: Қолымызды бір сілтеп, ажырасуға дейін барған кезіміз болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.