jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    "Ақшасы, машинасы болса дейді": Қоғам белсендісі жігіттің жағдайына қарап тұрмысқа шығатын қыздарды сынға алды

    Табиғат аясында отырған қалыңдық
    Көрнекі сурет: pixabay.com

    Қоғам белсендісі Бақытбол Берлімбай қазіргі қыздар мен жігіттер арасындағы қарым-қатынасқа тоқталып, жастарды өз бақытын бірге құруға шақырды. Бұл туралы ол АйнаLine бағдарламасында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Ашығын айту керек, қыздар қазір ер адамның ақшасы, үй-күйі, машинасы болса деп ойлайды. Бәрі дайын болса деп ойлайды. Негізі олай емес, жас семья бірге көтерілуі керек. "Бас екеу болмай, мал төртеу болмайды" деген сөз бар қазақта. Екеуі бірлесіп, жақсы жағдайды өздері жасауы керек.

    Ең бірінші нәрсе - махаббат. Махаббаты мықты болған жас отбасы бәрін жеңіп шығады. Бір күнде Астана салынған жоқ, бір күнде Мосвка салынған жоқ. Шаңырақты да, байлықты да жасайтын - екі жас. Екеуі бір бірін қолдаса, бәрі жақсы болады. Ештеңе етпейді. Қиыншылықсыз өмір жоқ", - деді Бақытбол.

    Айта кетелік, бұған дейін Әмина қажы Әжібаева некеге дейін жыныстық қатынасқа түсетін жастарды ақылға шақырған болатын.

    "Ақшасы, машинасы болса дейді": Қоғам белсендісі жігіттің жағдайына қарап тұрмысқа шығатын қыздарды сынға алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.